28.09.2023 | 11:59
Бөлісу:
Зухра Ирназарова Азия ойындарының жеңімпазы атанды
Зухра Ирназарова Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз 10 метрден жылжымалы нысана көздеуде 560 ұпай жинап, қарсылас шақ келтірген жоқ. Бұл бағдарламада күміс пен қола Солтүстік Корея өкілі – Джие Ри мен Оксим Пэктің еншісінде кетті.
Ұлттық құраманың тағы бір спортшысы Фатима Ирназарова 6-шы, Александра Садуақасова 7-сатыға тұрақтады. Осылайша, Қазақстан құрамасы 3 мергенннің нәтижесін қоса есептегенде командалық сында күміс жүлдеге қол жеткізді (1642 ұпай).
Комадалық бәсекеде бас жүлде Солтүстік Кореяға бұйырды (1655 ұпай). Үздік үштікті Индонезия түйіндеді (1604 балл).
Бұл Қазақстан делегациясының ХІХ жазғы Азиададағы 2-алтын медалі. Қазір еншімізде 2 алтын, 3 күміс пен 11 қола бар.
Есіңізге сала кетейік, Зухра Ирназарова мен Александра Садуақасова биыл тамызда Әзірбайжан астанасында өткен нысана көздеуден әлем чемпионатында осы бағдарламада алтыннан алқа таққан.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ
КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА
ДЕЛИДЕ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ