08.10.2024 | 19:33

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ШИРЕК ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

Үстел теннисінен Астана қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде ерлер құрамасы іріктеу кезеңінде Сауд Арабиясымен кездесіп, 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Кирилл Герасименко 3:2

Алан Құрманғалиев 3:2

Айдос Жұмағұлов 3:0

Есеп 3:0 болғанымен, Кирилл Герасименко мен Алан Құрманғалиевтың керемет камбэк жасап кеткенін айта кеткен жөн. Енді отандастарымыз ертең 1/4 финалда Үндістан немесе Тайпей елдерінің бірімен жолығады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес