02.05.2024 | 18:49
Бөлісу:
Ұлттық құрама Әлем Кубогының алғашқы күні финалға жолдама алды
Бүгін Әзірбайжан астанасы Бакуда нысына көздеуден Әлем Кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыстың алғашқы күні іріктеу нәтижесінде (10 метр, тапанша) Қазақстан-2 құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды. Эльдар Иманкулов пен Валерия Попелова жұбы сайыс кезінде 578 ұпай жинап, екінші орынға табан тіреді. Ертең олар Түркия құрамасының мергендері Симал Йылмаз және Исмаил Келеспен алтын жүлдені сарапқа салады.
Осы бағдарламада сынға түскен Қазақстан-1 командасының (Валерий Рахимжан мен Ирина Юнусметова) медаль үшін таласуына сәл жетпей қалды (6-орын). Валерий мен Ирина дуэті Қытай-2 және Украина-1 командасы сияқты 577 балл алғанымен, нысананың ортасын дәл көздеу жағынан қарсыласқа есе жіберген.
Айта кетейік, бұл кезең мылтық және тапанша ұстаған мергендер үшін лицензиялық, ал стенд ату шеберлері үшін Олимпиада рейтингінде ұпай берілмейтін жарыс саналады. Бакуде ел намысын барлығы 21 спортшы қорғайды. Жалпы қатысушы саны 699 адам (84 мемлекет).
Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРІ АЛЕКСАНДРА ЛЕ ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ
КОНСТАНТИН МАЛИНОВСКИЙ ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА
ДЕЛИДЕ НЫСАНА КӨЗДЕУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ФИНАЛЫ БАСТАЛДЫ