21.02.2024 | 09:17

Ұлттық құрама алғаш рет плей-офф кезеңіне шықты

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен командалық әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы алғаш рет плей-офф сатысына жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

В тобында Қазақстан Сауд Арабиясы (3:0) мен АҚШ-тан (3:1) басым түсті. Англия (өткен әлем чемпионатының 1/8 финалисі) және Германиямен (өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері) болған аса тартысты ойында қарсыласқа есе жіберді (екі ойын 2:3 есебімен аяқталды). Осыған қармастан топта 2-орын алды. Егер Ұлттық құрама ширек финалға шықса, Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болады.

Қазақстан құрамасы сапында сынға түсіп жатқандар – Кирилл Герасименко (7 жеңіс), Алан Құрманғалиев (1 жеңіс, 4 жеңіліс), Айдос Кенжеғұлов (1 жеңіс, 4 жеңіліс).

Плей-оффтағы алғашқы матчтар 21 ақпанда өтеді.  

1/16 финал.

Қазақстан – Үндістан (С тобында 3-орын). 2022 жылғы әлем чемпионатында екі команда топтық кезеңде жолығып, Ұлттық құрама 2:3 есебімен жол берген.

1/8 финал.

Қазақстан/Үндістан – Оңтүстік Корея (өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері)

Бұған дейінгі көрсеткіштер:

2022 жыл — топтық кезеңде 4-орынмен аяқтады. Әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасынан 3:0 есебімен басым түсіп, бірінші рет жеңіске қол жеткізді.

2018 жыл — 2 дивизион

2016 жыл — 3 дивизион

2014 жыл — 3 дивизион

2012 жыл — 4 дивизион

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес