08.11.2023 | 16:16
Бөлісу:
Ұлттық құрама алғашқы ойында Аустралиямен шеберлік байқасады
Испанияның Севилья қаласында Билли Джин Кинг Кубогының финалды кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
В тобына түскен Қазақстан құрамасының ойын кестесі мынадай:
Қазақстан – Аустралия (9 қараша, Астана уақытымен сағат 15:00)
Қазақстан – Словения (10 қараша, сағат 15:00)
Ұлттық құрама сапында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева мен Аружан Сағындықова бар. Соңғысы үшін бұл халықаралық деңгейдегі ең ауқымды алғашқы жарыс саналады.
Биылғы турнирдің ақтық кезеңіне барлығы 12 ел жолдама алды. Қазақстан сәуір айында Астанада Польшадан басым түсіп, іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен.
АҚШ, Швейцария, Чехия (А тобы);
Қазақстан, Аустралия, Словения (В тобы);
Испания, Канада, Польша (С тобы);
Франция, Италия, Германия (D тобы);
Севильядағы бәсеке 12 қарашада мәресіне жетеді. Командалық әлем чемпионаты аталып кеткен турнирдің жалпы жүлде қоры 9,6 АҚШ доллар. Жеңімпаз соның 2,4 миллионын, күміс жүлдегер 1,4, жартылай финалға шыққандар 960 мыңнан, топтан шыға алмаған қалған құрамалар 480 мың доллардан алады.
Еске сала кетейік, былтыр Шотландияның Глазго қаласында өткен Билли Джин Кинг Кубогының финалды кезеңінде Қазақстан С тобында Испания және Ұлыбритания құрамасымен шеберлік байқасқан.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықWTA FINALS: ЕЛЕНА РЫБАКИНА АРИНА САБАЛЕНКАМЕН ОЙНАЙДЫ
ДЭВИС КУБОГЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ДАНИЯДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ