01.06.2023 | 21:31
Бөлісу:
Ұлттық құрама Amsterdam Sevens турнирінде өз атағын қорғайды
2-4 маусым аралығында Нидерланд Корольдігінің астанасы Амстердамда регби 7-ден Amsterdam Sevens халықаралық турнирі өтеді. Биыл біздің құрама өз атағын қорғау үшін толық құраммен аттанды.
Amsterdam Sevens – 50 жылдық тарихы бар Еуропадағы беделді турнирдің бірі (алғаш рет 1972 жылы өткен). Бәсекенің ерекшелігі Ұлттық құрамалармен қоса кез келген кәсіби клуб жарнасын төлеп қатыса алады. Әр команда кем дегенде 5 ойын өткізеді.
Айта кетейік, осыған дейін 2019 жылы өткен Amsterdam Sevens турнирінде әйелдер арасында «Алматы» клубы жеңіске жеткен. Олар финалда Аустралияның «Рэндуик» клубынан 14-12 есебімен басым түсті. Ал былтыр Қазақстан әйелдер құрамасы финалда Польшаны 12:7 есебімен жеңіп, чемпион атанған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҰлттық құрама іріктеу турнирінде 5-орынға тұрақтады
Регбишілер алғашқы турда 5-орын алды