18.02.2024 | 22:34

Ұлттық құрама эстафетада күміс жүлдегер атанды

Бүгін Нидерланд Корольдігінің Херенвен қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының 3-кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қыздар арасындағы эстафетада Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореядан кейін 2-болып мәреге жетті. Алина Әжғалиева, Полина Омельчук, Анастасия Астраханцева, Зейнеп Құмарқан мен Гүлдана ⁠Жалмұхан күміс жүлдеге қол жеткізді. Мұнда қола медаль Нидерланд құрамасына бұйырды.

А тобы, финал:

Оңтүстік Корея – 4:17.683 секунд

Қазақстан – 4:19.480

Нидерланд – 4:33.236

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес