04.02.2023 | 22:30

Ұлттық құрама командалық жарыста 2 медаль жеңіп алды

Германияның Инцелль қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден жастар арасындағы Әлем Кубогының 3-кезеңінде Қазақстан қоржынына тағы 2 жүлде түсті.

Арина Ильяшенко, Алина Дауранова мен Алена Лифатова командалық спринтте мәреге 3-болып келді (Уақыт көрсеткіші 1:32:48 секунд). Әйелдер арасында 9 елдің құрамасы жарысты. Нидерланд спортшылары бірінші болса, күміс медаль АҚШ құрамасына бұйырды.

Ал ерлер арасындағы сында Ұлттық құрама тек АҚШ-қа жол беріп, күміс жүлдегер атанды (1:25.04 секунд). Қола Швеция құрамасының еншісінде.

Қазір Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 күміс пен 1 қола бар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес