25.11.2023 | 20:33

Ұлттық құрама спортшысы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазір Таиландтың Пхукет қаласында жасөспірімдер арасында ескекаяқпен жүзуден VI Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін штаттағы спортшы-нұсқаушы Инсар Құсанов 100 метрге жүзуде күміс жүлдегер атанды. Ол тек жарыс қожайыны Панупхонг Жарассриге бір секунд есе жіберді.

Қазақстан құрамасының тағы бір спортшысы Дамир Ахметов осы жарыста 11-орын алды.

Биыл 17 елден 234 бас қосқан чемпионат 28 қарашада аяқталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық