10.03.2024 | 09:22

Ұлттық құраманың 2 боксшысы ширек финалда

Бокстан Бусто-Арсицио қаласындағы лицензиялық турнирдің 7-ші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін жарыс жолын 75 келідегі Валентина Хальзова бастады. Ол 1/8 финалда жастар арасындағы әлем чемпионы Бусра Исилдарды сенімді түрде 4:1 есебімен жеңді. Енді ширек финалды сәтті аяқтаса, Париж Олимпиадасына барады.

Кешкі сессияда жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Наталья Богданова Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Анета Ригельскаға шамасы жетпеді. Есеп: 1-4.

Ал 92 келідегі Айбек Оралбай 1/8 финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, тәжірибелі Хулио Кастильо Торрестен айқын басымдылығын танытып, 5-0 есебімен ұтты.

Айбектің келесі қарсыласы ретінде АҚШ-тың талантты спортшысы Джамар Таллей атанады. Ертең 5 бірдей қазақ боксшысы 1/8 айналымдағы айқасын өткізеді.

10 наурыздағы жарыс кестесі:

17:00 сағат. 50 кг. Алуа Балқыбекова – Чон Джухён (Оңтүстік Корея)  

18:45 сағат. 51 кг.  Сәкен Бибосынов – Азат Махметов (Бахрейн атынан шығатын қазақ боксшысы)

19:15 сағат. 80 кг.  Нұрбек Оралбай – Алексей Алферов (байтарап спортшы) — 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері

23:30 сағат. 57 кг.  Сабырхан Махмұд – Жосуе Тирадо (Пуэрто-Рико)

00:30 сағат. 71 кг. Асланбек Шымбергенов – Байрамдурды Нұрмұхаммедов (Түркіменстан).

Суреттердің авторы – Аян Төлеген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес