04.10.2023 | 11:03

Ұлттық құраманың 3 палуаны Азия ойындарының қола жүлдесіне таласады

Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінің палуандары бозкілемге шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама сапында жарысты бастаған барлық 4 спортшы кешкі сессияда жүлдеге таласады. Оның біреуі финалда, қалған үшеуі қола жүлденің иесін анықтайды.

Әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері Айдос Сұлтанғали (60 кг) Чи Джуи Хуанды (Тайбэй) таза жығып, ширек финалда 2021 жылғы әлем чемпионы (63 кг) ирандық Мейсам Далханидан айласын асырды (4-2).

Жартылай финалда былтырғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Аята Сузукиге (Жапония) есе жіберді. Енді қола медаль үшін Сын Римен (Солтүстік Корея) күреседі.

Мақсат Сайлау (87 кг) алғашқы белдесуінде Хиеу Динь Нгиемді таза ұтса, ширек финалда әлем чемпионатының екі, Азия чемпионатының 4 дүркін жүлдегері өзбек палуаны Жалғасбай Бердімұратовтың мықтылығын мойындады. Қола медаль үшін Масато Сумимен (Жапония) шеберлік байқасады.

Азат Садықов (77 келі) Кодай Сакураба (Жапония) мен Висит Тамвиратты (Таиланд) еш қиындықсыз жеңгенімен, жартылай финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовтан (Қырғызстан) ұтылып қалды. Қола жүлде үшін Софак Кеомен (Камбоджа) сынға түседі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес