Елдос Сметов / Дзюдо

Жетістіктері:

  • Дзюдодан екі Олимпиадада

    медаль жеңіп алған тұңғыш қазақстандық.

  • Әлем

    чемпионы (2015)

  • Азия

    чемпионы (2016)

Туған күні: 1992 жыл, 9 қыркүйек

Туған жері: Тараз қаласы

Жетістіктері: жастар арасында әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ дзюдошысы (2010 жыл, Марокко). Арағы бір жыл салып, Оңтүстік Африка Республикасында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған.

Әлемдік Гран-при кезеңінің қола жүлдегері (2011 жыл, Қытай), Әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы (2011 жыл, Өзбекстан), Еуропа Кубогы кезеңінің жеңімпазы (2013 жыл, Польша), Еуропа Кубогы кезеңінің күміс жүлдегері (2013 жыл, Грузия);

Әлемдік Гран-при кезеңінің 3 дүркін күміс жүлдегері (2013, 2014, 2016 жыл);

Азия чемпионатының қола жүлдегері (2013 жыл, Таиланд);

Әлемдік Гран-при кезеңінің 6 дүркін чемпионы (2013, 2014, 2015, 2018, 2019 жыл);

Жазғы Азия ойындарында дзюдодан чемпион атанған тұңғыш қазақ (2014 жыл, Инчхон);

Әлем чемпионы (2015 жыл, Астана);

Азия чемпионы (2016 жыл);

Олимпиаданың күміс және қола жүлдегері (2016, 2020 жыл);

Үлкен дулыға кезеңінің жеңімпазы (2018 жыл), «Әлем шеберлері» турнирінің қола жүлдегері (2018 жыл);

Үлкен дулыға кезеңінің 2 дүркін күміс жүлдегері (2019, 2021 жыл);

Әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері (2019, 2022 жыл);

Үлкен дулыға кезеңіндегі жарыстың қола жүлдегері (2020 жыл);

ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. «Парасат» және «Барыс» орденінің иегері.