11.10.2024 | 18:19
Бөлісу:
АБИБА АБУЖАҚЫНОВА АБУ-ДАБИДЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЕНШІЛЕДІ
Ұлттық құрама спортшысы Абиба Абужақынова (48 кг) Абу-Дабиде басталған дзюдодан Үлкен дулыға турнирінде тұғыр сатысына көтерілді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз қола жүлдеге таласта Сара Ишттың (Германия) жауырынын жерге тигізді. Бұл Абибаның Үлкен дулыға санатындағы жарыстағы 8-жүлдесі (1 күміс, 7 қола).
Отандасымыз бүгін іріктеуде Марина Воробьеваға есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде француз дзюдошысын ұтты.
IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері рейтингте мынадай ұпайға ие болады: І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ