19.05.2024 | 19:13
Бөлісу:
Абиба Абужақынова – әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері
Ұлттық құрама дзюдошысы Абиба Абужақынова Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Абиба жүлде жолында түрік палуаны Тугче Бедерді жықты. Осылайша, Абужақынова дүниежүзі бәсекесінде екі жүлде алған тұңғыш қазақстандық әйел татами шеберіне айналды.
Бүгін Абу-Даби татамиінде жарысты 2-айналымнан бастаған қазақ дзюдошысы әуелі Түркия, сосын Словакия мен Бразилия құрамасының спортшысын таза жықты. Ал жартылай финалда моңғолиялық дзюдошы Баасанху Бавудоржға қосымша уақытта (golden score) есе жіберді.
Айта кетейік, Абиба 2022 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған.
Әлем чемпионатының жеңімпазы Олимпиада рейтингінде 2 мың, күміс жүлдегер 1400, ал екі қола жүлдегер 1000 ұпайдан алады. Абу-Дабидегі додадан кейін рейтинг түзіліп, Парижге баратын спортшылар анықталады.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ