07.05.2023 | 18:20
Бөлісу:
Әбиба Абужақынова әлем чемпионатының қола медалі үшін күреседі
Отандасымыз Әбиба Абужақынова Қатардағы әлем чемпионатының жартылай финалында франциялық Ширин Буклиге есе жіберді. Енді ол кешкі сессияда қола медаль үшін италиялық Ассунта Скуттомен күш сынасады.
Бір жыл бұрын Ташкентте Әбиба мен Ширинның жолы 1/8 кезеңде түйісіп, қазақстандық басым түскен. Ең жеңіл салмақта сынға түсетін дзюдошымыз Ташкенттегі сол дүниежүзілік бәсекеде де жартылай финалда сүрінді. Ол кезде қола жүлде жолында чилилік Мэри ди Варгастан голден-скорда айласын асырған.
Әбиба бүгін Доха татамиіне 2-айналымнан бастап шығып, израильдік Тамар Малька мен моңғолиялық Баасанхуу Бавуудоржды ұтты. Сосын, сербиялық Милисса Николичтің жауырынын жерге тигізді.
Қазақстандық спортшы биыл халықаралық додаларда жақсы күресіп, жүлделі орындардан көрініп келеді. Мысалы, ол Париж бен Тбилисидегі Үлкен Дулыға турнирінде қола медаль жеңіп алса, Алмада қаласындағы Гран-Приде отандасы Ғалия Тынбаеваны ұтып, жеңімпаз атанды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ