11.05.2024 | 18:48
Бөлісу:
Абылайхан Жұбаназар үздік үштікте
Абылайхан Жұбаназар Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam бәсекесінің қола жүлдегері атанды. Кіші финалда отандасымыз (-81 кг) Орельен Бонферронидің (Швейцария) осал тұсын тауып, жауырынын жерге тигізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Абылайхан бүгін Үлкен дулыға турнирлеріндегі 4-жүлдесін мойнына тақты. Осыған дейін еншісінде 1 күміс пен 2 қола болған.
Ұлттық құрама дзюдошысы іріктеуде Гонконг және Молдова құрамасының спортшысынан мықты екенін паш етті. Бірақ ширек финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Grand Slam жарысының 4 дүркін жеңімпазы Сотаро Фудзиварадан (Жапония) айласын асыра алмады.
Осы салмақтағы Ұлттық құрама спортшылары Мәди Амангелді алғашқы, ал Руслан Мұсаев пен Жалғас Қайролла 3-айналымда қарсыласынан ұтылды.
Сондай-ақ, Ұлттық құрама дзюдошысы Екатерина Токарева Qazaqstan Barysy бәсекесінде 5-орын алды. Ол Үлкен дулыға санатындағы жарыстың кіші финалында (-70 кг) Кэти-Джемайма Йейтс-Брауннан (Ұлыбритания) ұтылып қалды. Күндізгі сессияда Токарева А тобында Израиль, Ресей спортшысын жеңгенімен, ширек финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, хорват Лара Цветкодан ұтылып қалды. Сосын жұбаныш белдесуінде өзбекстандық Гүлноза Матниязовадан айласын асырды.
Қазір Қазақстан командасының қоржынында 1 алтын, 3 қола медаль бар.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ