07.02.2024 | 14:24
Бөлісу:
Александр Уваров – Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Бүгін Ұлттық құрама спортшысы Александр Уваров Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 2-орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол 81 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруде 153 кг, серпе көтеруде 190 кг зілтемірді көтеріп, қоссайыс қорытындысында 343 кг көрсеткішпен күміс жүлдегер атанды. Осыған дейін Александр Уваров Ханчжоуда өткен Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған.
Осы салмақтағы тағы бір қазақ атлеті Әлібек Рақымберді жалпы есепте 5-сатыға жайғасты (298 кг, 130+168). Алтынға Солтүстік Корея спортшысы Ри Чонг Сонг (369 кг, 169+200) қол жеткізсе, үздік үштікті Түркменстан өкілі Гайгысыз Тораев 337 келімен (148+189) түйіндеді.
Қазір Қазақстан қоржынында 2 күміс медаль бар. Екі күн бұрын Сайрамкез Ақмолда алғашқы жүлдеге қол жеткізген.
Суреттің авторы - Тұрлыжан Айтенов.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: