19.05.2024 | 16:25
Бөлісу:
Әлем чемпионаты: Елдос Сметов қола медаль үшін таласады
Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатының қола медалі үшін таласуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Олимпиаданың 2 дүркін жүлдегері атанған отандасымыз ширек финалда Аюб Блиевке есе жіберген. Ширек финалда Янг Ю Веймен (Қытайдың Тайпейі) белдесуде тыйым салынған әдіс қолданғандықтан француз Валадье Пикар чемпионаттан шеттетілді.
Кешкі сессияда кіші финалда Елдос жапон палуаны Таики Накамурамен татамиге шығады.
Айта кетейік, Сметов іріктеуде Вьетнам, Оңтүстік Корея, сосын Бразилия спортшысынан үстем болды.
Осы салмақтағы тағы бір спортшымыз Нұрқанат Серікбаев 3-айналымда жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Харим Лиден (Оңтүстік Корея) ұтылып қалды.
Еске сала кетейік, Елдос 2019 бен 2022 жылы өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған. Ал 2015 жылы чемпион атанған.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ