12.05.2024 | 19:33

Әлихан Әсетов пен Әлихан Өмірбеков Словакия қақпасынан саңылау тапты

Чехияның Острава қаласында хоккейден Ұлттық құрама әлем чемпионатындағы 2-ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл жолы Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері Словакия құрамасына есе жіберді. Есеп: 2-6. Біздің команда сапынан Әлихан Әсетов пен Әлихан Өмірбеков мергендік танытты.

Енді В тобында келесі турда Қазақстан 14 мамырда Латвиямен сынға түседі. Әзірге еншімізге кеше Франциямен болған матчтағы жеңіс бар.

Қалған ойындар кестесі мынадай:

16 мамыр, Қазақстан – Швеция (сағат 23:20)

17 мамыр, Германия – Қазақстан (сағат 19:20)

19 мамыр, АҚШ – Қазақстан (сағат 19:20)

20 мамыр, Қазақстан – Польша (23:20)

Сурет: Қазақстан хоккей федерациясы.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес