16.12.2022 | invalid

Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді

17 желтоқсанда Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде Әмин Тұяковтың жүлделеріне арналған І Халықаралық турнир өтеді.Әмин Елемесұлы Тұяқов – КСРО чемпионаттарының жеңімпазы және жүлдегері, КСРО рекордсмені, Еуропа Кубогының иегері, Еуропа чемпионатының жүлдегері, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Халықаралық турнир – қатысушылардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Жарыс барлық халықаралық ереже мен стандартқа сәйкес өткізіледі. Бұл дегеніңіз турнир қатысушыларға 2023 жылдың тамызында Будапештте өтетін Әлем чемпионатына қатысу үшін біліктілік санатын көрсетуге  мүмкіндік береді, деген сөз. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Гонконг мемлекетінен 119 спортшы қатысады. Олар жеңіл атлетиканың 15 түрінен өзара сынға түседі. Жарыс бағдарламасы:

Ерлер: жүгіру – 60 м, (кедергілер арқылы), 60 м, 400 м, 800 м, 3000 м;

Әйелдер: жүгіру – 60 м (кедергілер арқылы), 60 м, 400 м, 800 м, 3000 м;

Сондай-ақ, ядро лақтыру; ұзындыққа секіру; биікке секіру. Сонымен қатар, жарыс бағдарламасына 14 жасқа дейінгі балалар арасында 60 метрге жүгіру және 4х200 метр аралас эстафета (2 ұл+2 қыз) енгізілді.

Жарыстың ашылу салтанаты мен турнирдің финалы 17 желтоқсанда сағат 15:00-де өтеді. Жеңімпаздар арнайы медальдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

1 орын – 100 000 теңге;

2 орын – 50 000 теңге;

3 орын – 30 000 теңге;

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес