24.11.2022 | invalid
Бөлісу:
Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Бүгін Астана қаласында ауыр атлетикадан 2008 жылы және одан кейін дүниеге келген жасөспірімдер арасында ел чемпионаты басталды. Жас спортшылар №5 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық спорт резерві мектебінде сынға түседі.
Чемпионатқа еліміздің 19 облысы мен ірі қалаларынан 319 зілтемірші жиналды. Ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Қазақстан ауыр атлетика федерациясының Бас хатшысы Алдияр Нұралинов, Нұр-Сұлтан қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев және ауыр атлетикадан төрт дүркін Әлем чемпионы Илья Ильин қатысты.
Серік Жарасбаев қатысушыларға ізгі ниетін арнап, сәттілік тіледі.
«Өздеріңіз білесіздер, ауыр атлетика жылдан-жылға қарқынды дамып келе жатыр. Ал біздің спортшылар әлемдік ареналарда жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Осы жастар сол аға-әпкелерінің жолын жалғайды, деп сенеміз. Чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, жарысты ашық деп жариялаймын!»,-деді.
Айта дүбірлі дода 29 қарашаға дейін жалғасады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: