11.06.2022 | invalid
Бөлісу:
Ауыр атлетика: жас толағайлар Мексикада күш сынасады
Бүгін Мексиканың Леон қаласында жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Әлем чмпионаты басталды. Бәсеке 18 маусымға дейін жалғасады. Барлығы 29 мемлекеттен келген 90 ер 10 салмақта жүлдеге таласады. Ал қыздар арасында 33 елдің 115 аруы тағы 10 салмақта жарыс көркін қыздырмақ.
Бұл қатарда Қазақстан құрамасының 9 толағайы бар. Олар: Ерасыл Омаров (55 келіге дейін), Ерасыл Саулебеков (67 келіге дейін), Едіге Емберді (73 келіге дейін), Денис Полубояринов (81 келіге дейін), Никита Абдрахманов (102 келіге дейін), Александра Беленко (40 келіге дейін), Дарья Балабаюк (49 келіге дейін), Алина Колиушко (59 келіге дейін), Надежда Ли (64 келіге дейін).
Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Жәнібек Кішкенбаев чемпионаттан қарсаңында былай пікір білдірді.
«Бізді қызықты жарыс күтіп тұр. Онда (Мексикада) 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер өнер көрсетеді. Біздің елден тоғыз дарынды спортшы қатысады, әрқайсысы лайықты өнер көрсетеді деп сенеміз. Мақсат – әр тәсілді пысықтау және спортшылар жаттығуда көрсеткен ең жақсы нәтижесін көрсету. Көптеген спортшы үшін бұл бірінші халықаралық бастама болғанына қарамастан, біз медаль жеңіп алуға тырысамыз».
Әлем чемпионатының YouTube-тағы трансляциясын мына сілтеме арқылы тамашалай аласыздар: https://youtube.com/c/InternationalWeightliftingFederation
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: