03.09.2023 | 01:25

Бадминтоншылар халықаралық турнирлерде табысты өнер көрсетті

Қазақстандық бадминтоншылар халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Атап айтар болсақ, Дмитрий Панарин Нигерияда өткен Lagos International Classics 2023 турнирінде 3-орын алды. Отандасымыз жартылай финалда испаниялық Пабло Абианға есе жіберді.

Бұл жарыс International Challenge санатына жатады, жалпы жүлде қоры 15 мың АҚШ доллары. Жекелей сындағы жеңімпаз 1800, күміс жүлдегер 975, жартылай финалға шыққан бадминтоншылар 375 доллар сыйақы алады.

Ал сәл ертеректе Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Tajikistan International Series турнирінде Ұлттық құрама спортшылары бірнеше жүлдеге ие болды. Жұптық сында Хайтмұрат Құлматов пен Мақсұт Таджибуллаев чемпион атанды. Сондай-ақ, Дмитрий Панарин мен Камила Смағұлова аралас жұптық сынның финалында тағы бір қазақстандық дуэт Хайтмұрат Құлматов/Ромуалда Батыровадан басым түсті. Мұнда қазақстандық Мақсұт Таджибуллаев пен Наргиза Рахметуллаева қола медаль алған. Әйелдер арасындағы жұптық сында Ева Бутпаева мен Наргиза Рахметуллаева 3-сатыға тұрақтады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес