05.11.2022 | invalid
Бөлісу:
Бакудегі Үлкен Дулыға кезеңінің 2-күні де жүлде бұйырмады
Бүгін Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан дзюдодан Үлкен Дулыға кезеңінің 2-күні Қазақстан құрамасының қоржынына жүлде түспеді.
Іріктеуді В тобында бастаған Данияр Шамшаев алғашқы белдесуінде жергілікті дзюдошы Тельман Алиевті жеңгенімен, өзбекстандық Муроджон Юлдашевке есе жіберді.
Өкінішке қарай, Дана Әбдірова (57 кг дейін) алғашқы кезеңнен ары аса алмады. Оның жолын 19 жастағы итальян Вероника Тониоло кесті.
Ал Абылайхан Жұбаназар (81 кг дейін) аргентиналық Томас Моралесті жеңген. Алайда 2-кездесуде мажарстандық Аттила Унгвариден ұтылып қалды.
Әйелдер арасындағы 63 кг дейінгі салмақтағы екі дзюдошымызға да сәттілік серіп болған жоқ. Алғашқы айналымда Эсмигүл Куюлова серб Ива Оберанға, Самалай Ерғалиева әзірбайжандық Айтәж Гардашханлиге жол берді.
Айта кетейік, ертең бәсекенің соңғы күні ерлер (-90, -100, +100 кг) мен әйелдер (-78, +78 ге) қалған салмақтағы жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтайды. Қазақстан сапынан татамиге Ермахан Әнуарбеков (90 кг), Ерқанат Молдағұлов (-100 кг), Жамбыл Тұрғыналиев (+100 кг), Аруна Жангельдина (-78 кг), Назерке Тілеуханова (-78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг) шығады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ