12.09.2022 | invalid

Банминтон: Дмитрий Панарин Бениндегі турнирде үздік сегіздікке кірді

Бүгін Бенин мемлекетінің Котону қаласында бадминтоннан халықаралық турнир мәресіне жетті. Жекелей сында өнер көрсеткен отандасымыз Дмитрий Панарин үздіі сегіз спортшының қатарынан көрінді.  Іріктеуден сүрінбей өткен Дмитрий 1/16-да жерлігілікті спортшыны екі партияда ұтса, ізін ала Кот-д'Ивуар өкілінен де екі партияда басым түсті. Ал ширек финалда малайзиялықпен болған тартысты ойын 21-16, 14-21, 21-15 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.

Қазақстандық жарыс қорытындысы бойынша 900 ұпайға ие болды. Айта кетейік, Benin International бәсекесіне барлығы 65 бадминтоншы қатысты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес