13.07.2022 | invalid

Баскетбол: Ұлттық құрама Азия Кубогындағы алғашқы ойында Жапониямен ойнайды

Индонезия астанасы Джакартада баскетболдан ерлер арасында XXX Азия Кубогы басталды. Бүгін Қазақстан Ұлттық құрамасы алғашқы ойында Жапониямен кездеседі. Матч елорда уақытымен сағат 16:30-да басталады. Онлайн-трансляция мына платформада: www.courtside1891.basketball​.

Жапония 1966 және 1971 жылы құрлық чемпионы атанған. Сонымен қатар Азия чемпионатында Оңтүстік Кореядан кейін финалға ең көп шыққан құрама. ФИБА-ға 1936 жылы қосылған. Олимпиададағы үздік нәтижесі 9-орын.

Біздің топта бұдан бөлек, Иран мен Сирия бар. Әр топта 1-орын алған құрама тікелей ширек финалға шықса, 2-3-орын алған құрамалар өзара 1/4-тің жолдамасын сарапқа салады. Қазір Иран құрамасы Азия рейтингінде 2-ші, әлемде23-орында. Бүгінгі қарсылас Жапония Азияда 7-ші, әлемде 38-ші сатыда. Қазақстан құрамасы құрлықта 10-шы, әлемде 68-орында тұр. Ал Сирия Азияда 15-ші, әлемде 83-сатыға жайғасқан.

Азия Кубогына іріктеу 2020 жылы басталған. Қазақстан ұлттық құрамасы топтағы 6 матчтың 4-еуінде жеңіске жетіп, 2-орынмен финалдық кезеңге өтті.

Қазақстан – Палестина: 79:76

Қазақстан – Иордания: 68:71

Палестина – Қазақстан: 56:93

Шри-Ланка – Қазақстан 52:111

Қазақстан – Шри-Ланка 107:37

Иордания – Қазақстан 80:70.

Айта кетейік, Азия Кубогы 2 жылда бір рет өтеді. Қазақстан ерлер құрамасы алғаш рет 1995 жылы Оңтүтсік Корея астанасы Сеулдегі бәсекеге қатысып, 5-орыннан көрінген. Осы аралықтағы үздік көрсеткішіміз 4-орын (2007 жылы). Қалған нәтижелер:

1995 — 5-орын

1997 — 13-орын

1999 — ФИБА іріктеу өткізген жоқ

2001 — іріктеуден өте алмады

2003 — 7-орын

2005 — 10-орын

2007 — 4-орын

2009 — 9-орын

2011 — іріктеуден өте алмады

2013 — 8-орын

2015 — 11-орын

2017 — 16-орын

Осыған дейінгі Азия Кубогының жеңімпазы Аустралия. Иран құрамасы күміс, Оңтүстік Корея қола медальді қанағат тұтты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес