09.11.2024 | 14:04
Бөлісу:
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
Шахматшы Бибісара Асаубаева FIDE-нің 2024-2025 жылғы әйелдер арасындағы Гран-при сериясында жалпы есепте 1-орынға шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Грузия астанасы Тбилисиде өткен алғашқы кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізсе, жуырда Шымкент қаласында өткен 2-кезеңде қола жүлде алды. Еншісінде 182.5 ұпай бар.
Келесі сатыда 2 турнирде бақ сынаған Ставрула Цолакиду (Грекия) тұр.
Алда серияның 4 кезеңі бар. Оларды Монако, Кипр, Үндістан мен Аустрия қабылдайды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ
ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ