22.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Бүгін Абылайхан Жұбаназар жүлде үшін күреседі
Бүгін, Абу-Дабидегі Үлкен Дулыға кезеңінің 2-күні татамиге 73 пен 81 келіге дейінгі ерлер, 57 мен 63 келіге дейінгі салмақтағы әйелдер шықты.
73 келіге дейінгі салмақтағы Данияр Шамшаев алғашқы айналымда алжирлік Редуан Мессауд Дристі, сосын әзірбайжандық дзюдошыны ұтқан. Алайда ширек финалда өзбекстандық Шахрам Ахадовтан жеңілді.
Бұл салмақтағы тағы бір қазақстандық Аңсарбек Ғайнулин Д тобына түсті. Алғашқы айналымда украин Владислав Казимировты, сосын мысырлық Әли Абдельмоуатидің осал тұсын тапты. Ширек финалда тағы бір өзбекстандық Обидхон Номоновтан голден-скорда ұтылып қалды. Өкінішке қарай, Аңсарбек жұбаныш кездесуінде молдовалық Петру Пеливанға, ал Данияр испан Сальвадор Рокаға қауқар таныта алмай, медальсіз қалды.
Абылайхан Жұбаназар (81 кг дейін) іріктеуде итальян Антонио Еспозито мен Сауд Арабиясының өкілі Мұхаммед Әл-Хажридың осал тұсын тапты. Бірақ В тобының үздігі анықталған кездесуде молдовалық Михаил Латисевтен ұтылып қалды. Ширек финалда жеңілген Абылайхан жұбаныш белдесуінде украин Сергей Кривчачтың жауырынын жерге тигізді. Енді ол қола медальді әзірбайжандық Зелим Цкаевпен сарапқа салмақ.
Үш қазақстандық алғашқы айналымда жеңіліп қалды
Бүгін татамиге шыққан Қазақстан әйелдер құрамасының барлық спортшысы алғашқы кездесуде жеңіліп қалды. Дана Әбдірова (57 келіге дейін) оңтүстік африкалық Жасмин Мартинге есе жіберді. Ал 63 келіге дейінгі салмақтағы Есмигүл Куюлова мен Самалай Ерғалиеваның жолын қытайлық дзюдошылар кесті.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ