02.07.2022 | invalid

«Бурабай-2022» республикалық фестивалі басталды

Биылғы республикалық «Бурабай-2022» жартасқа өрмелеу фестиваліне 300 адам қатысады. Мақсат – Қазақстанда альпинизм мен бұқаралық спортты дамыту. Сонымен қатар, фестиваль ішкі туризмді насихаттауға бағытталған. Іс-шараға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев та қатысты.

«Фестивальге қатысушылар мен қонақтарға қош келдіңіздер, дегім келеді және Сіздер үшін шын жүректен қуаныштымын. Бүгінгі таңда Қазақстанда жартасқа өрмелеу спорты көптеген кәсіби мамандарды ғана емес, сонымен қатар белсенді демалысты жақсы көретіндерді де біріктіреді. Аталған іс-шара осы спорт түрінің дамуына жаңа серпін беріп, оны неғұрлым танымал әрі бұқаралық ететініне сенімдімін. Жарысқа қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілеймін!»,- деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Айта кету керек, фестиваль 1-3 шілде аралығында Ақмола облысында өтеді. Оған кәсіби спортшылармен бірге осы спорт түрін сүйетіндер де қатысады.

«Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының серіктестері – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қоры.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес