02.07.2023 | 22:10

Бурабайда құзға өрмелеуден республикалық фестивальде 200-ден астам әуесқой «Оқжетпес» шыңын бағындырды

Бүгін Бурабай демалыс кентінде құзға өрмелеуден республикалық фестивальде 200-ден астам әуесқой азамат «Оқжетпес» шыңын бағындырды.

Ал кеше 50-ге жуық кәсіби альпенист күрделі бағдармен осы құзды бағындырудан өзара жарысты. Мұнда олар 3 топқа (14-16 жас, 17-49 жас пен 50-ден үлкен) бөлінген еді. Биылғы Бурабай фестиваліне 5 өңірден құзға өрмелеуші қатысты.

Фестиваль үздіктеріне ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Мустафин естелік медальдар және Кубок табыстады. Марапаттау рәсімі кезінде ол жыл сайын қатысатын экстрималдар қатары көбейіп келе жатқанын атап өтті. Екі күнге созылған бұқаралық іс-шараға 6 өңірден 250-ден астам азамат жиналды. Бұл қатарда кәсіпқойлар мен әуесқойлар бар.

Ең жас қатысушы Арина Музыченко мен Захар Ефремовтың жасы 10-да болса, ең қарт құзға өрмелеуші Нұрлан Сыздықов (Астана қаласы) биыл 74-ке толды. Сонымен қатар Рудный қаласынан арнайы келген 56 жастағы Галина Тихонованы да атап өтуге болады.

Әйелдер арасындағы Big wall speed competition, яғни жұптар жарысында (кәсіпқойлар) Виктория Усольцова мен Анастасия Петрова үздік шықты. Ерлерден Мейірман Сағынтай мен Болат Буканов топ жарды.

Әуесқой құзға өрмелеушілер ішінде арнайы сыйлыққа Жанна Кулушева (Астана қаласы) ие болды. Биылғы фестивальдің барлық жеңімпазы мен жүлдегерін мына жерден көре аласыздар. Тізім 1. 

Тізім 2. 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес