24.08.2023 | 06:52
Бөлісу:
Былтырғы жеңіс қайталанбады
Бүгін Будапештегі әлем чемпионатында Қазақстанның атынан жарыс жолына Дэйзи Джепкемей шықты, деп хабарлайды ҚР МСМ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз-қызметі.
Үш мың метрге кедергілермен жүгіруде (стипль-чез) өз өнерін ортаға салған Джепкемей іріктеу кезеңінен аса алмай, финалға шыға алмады. Естеріңізге сала кетсек, бір жыл бұрын АҚШ-тың Юджин штатында өткен әлем чемпионатында, дәл осы қашықтықта отандасымыз Нора Джеруто топ жарып, чемпион атанған. Бірақ, Будапештегі жарысқа ол қатысып жатқан жоқ. Осылайша, Қазақстан былтырғы жеңісті қайталай алмады.
Енді қазақстандық жанкүйерлердің назары қалған 5 атлетке ауады. 24 тамыз күні 35 шақырым спорттық жүрісте ел намысын Галина Якушева қорғайды. 25 тамызда 3 бірдей жерлесіміз – Надежда Дубовицкая, Кристина Овчинникова және Елизавета Матвеева биіктікке секіруден сынға түседі. Егер іріктеуден өтсе – 27 тамыз күні олар финалда жүлдеге таласады. Ал 26 тамызда өтетін марафонда Жанна Мамажановаға жанкүйер боламыз.
Әлем чемпионаты 27 тамызда аяқталады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДЕЙЗИ ДЖЕПКЕМЕЙ ФИНАЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
НОРА ДЖЕРУТО ФИНАЛДА ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ