30.05.2022 | 14:52

Данил Мусабаев Риминидағы Әлем Кубогында 5-орын алды

25-29 мамыр аралығында Италияның Римини қаласында батуттағы гимнастикадан Әлем Кубогы өтті. Бұл додада ел намысын Данил Мусабаев пен Пирмаммад Алиев қорғады. Қос қазақстандық жекелей сынмен қатар жұптық жарыста өнер көрсетті.

Жекелей сында Данил Мусабаев алғашқы іріктеуде 2-ші, екінші іріктеуде 5-сатыға тұрақтаған. Нәтижесінде финалда 5-орыннан көрінді. Айта кетейік, Данил осыған дейін Әзірбайжанда өткен Әлем Кубогында 3-орын алған. Ал Пирмаммад Алиев жалпы есепте 52-орын алды. Ол 2016 жылғы Риодағы Олимпиадаға қатысқан. Осыдан 2 жыл бұрын ауыр жарақат алып, енді халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп жүр.

Апенин түбігінде өткен бәсекеге барлығы 67 атлет келді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес