07.10.2023 | 10:25

Данияр Юлдашев алтын медаль үшін татамиге шығады

WKF каратэден Ұлттық құрама спортшысы Данияр Юлдашев Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында ақтық сынға шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Кумите бағдарламасында 84 кг дейінгі салмақта бақ сынайтын татами шебері бүгін 3 жекпе-жек өткізді. Әуелі іріктеуде Теерапаттан (Таиланд), сосын ширек финалда Тайбэй атлеті Вэй Чен Удан, жартылай финалда Иордания өкілі Мұхаммед әл-Жафариден басым түсті.

Енді ол финалда Малайзия Мұхаммад Ариф бин әл-Маликпен күш сынасады.

Айта кетейік, Данияр 2018 жылы Джакартада өткен Азиадада қола медаль жеңіп алған. Сондай-ақ әлем чемпионатының қола, Премьер-лига бәсекелерінің бірнеше дүркін жүлдегері. Азия чемпионатында 2 алтын, 2 күміс пен 2 қола жүлдеге қол жеткізген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес