02.10.2023 | 18:06
Бөлісу:
Дейзи Джепкемей Азиадада 5-орын алды
Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында əйелдер арасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшысы Дейзи Джепкемей мәре сызығына бесінші болып кесті. Оның уақыт көрсеткіші 9:47.53 секунд.
Бұл сында биылғы əлем жəне Гаухартас лигасының жеңімпазы, Джакартадағы Азиаданың чемпионы Уинфред Яви (Бахрейн) алдына жан салған жоқ. Күміс пен қола Үндістан атлеті Парул Чаудхари мен Притидің еншісінде кетті.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықДЕЙЗИ ДЖЕПКЕМЕЙ ФИНАЛДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
НОРА ДЖЕРУТО ФИНАЛДА ҮЗДІК ОНДЫҚҚА КІРДІ