17.10.2024 | 23:10
Бөлісу:
ДЗЮДОШЫ ЕКАТЕРИНА ТОКАРЕВА МЕН КАМИЛА БЕРЛІҚАШ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ
Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан әскери қызметкерлер арасында әлем чемпионатында Ұлттық құрама спортшысы Екатерина Токарева мен Камила Берліқаш қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Екатерина 78 кг дейінгі салмақта үшінші орынға таласта өзбекстандық Муштарийбегим Авзаловадан айласын асырды. Ал Камила аса ауыр салмақта (+78 кг) қола жүлде үшін бәсекеде франциялық Нокес Манонды ұтты.
Осыған дейін Нұрқанат Серікбаев 60 кг дейінгі салмақта чемпион атанса, онымен финалда күрескен Шерзод Давлатов күміс жүлде иеленген. Ал Жанарыс Рахметқали (66 кг) мен Бақытжан Абдурахманов (73 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ