26.09.2023 | 14:52
Бөлісу:
Дзюдошы Нұрлыхан Шархан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Нұрлыхан Шархан Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшысы 100 кг дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Вон Джон Хунды жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Нұрлыхан осыған дейін Зелимхан Башаевты (Бахрейн), сосын әлем және Олимпиада чемпионы Аарон Вольфты (Жапония) таза ұтып, сенсация жасаған. Алайда салтанатты ашылу рәсімі кезінде Өзбекстан құрамасының Туын ұстаған Музафарбек Туробоевқа жол берді.
Бүгін татамиге шыққан Камила Берліқаш пен Ғалымжан Қырықбай жүлдеге қол жеткізе алмады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ