16.10.2024 | 20:13
Бөлісу:
ДЗЮДОШЫ НҰРҚАНАТ СЕРІКБАЕВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында Ұлттық құрама бірнеше жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Биыл 29 мемлекеттен 214 спортшы қатысып жатқан жарыстың алғашқы күнінде Қазақстанға 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бұйырды.
Әуелі 60 кг салмақта Нұрқанат Серікбаев финалда өзге отандасымыз Шерзод Давлатовты қосымша уақытта жеңіп кетті.
Ал 66 кг дейінгі салмақта Жанарыс Рахметқали қола жүлде жолында Солтүстік Корея өкілі Ри Кум Сонгтан айласын асырды. Сонымен қатар 73 кг дейінгі салмақта Бақытжан Абдурахманов Армения спортшысы Артак Торосяннан басым түсіп, 3-орын алды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ