20.05.2023 | 19:03

Екатерина Шабалина Африка Кубогында күміс жүлдеге қол жеткізді

Бүгін Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында аяқталған триатлоннан Африка Кубогы кезеңінде отандасымыз Екатерина Шабалина 2-орын алды. Париж Олимпиадасына ұпай берілетін бұл рейтингтік жарысқа əр елдің таңдаулы спортшылары қатысты. Осы нəтиженің арқасында Екатерина əлем рейтингінде 46-орынға көтерілді. Бірінші орынды Камбоджа өкілі Марго Гарабедиан иеленсе, үздік үштікті словакиялық спортшы түйіндеді. Бәсекеге 30 мемлекеттен келген 70-ке жуық триатлоншы бақ сынады.

Мысырдағы кезеңде бақ сынаған тағы бір отандасымыз Аян Бейсенбаев 6-орынға тұрақтады. Ақмола облысының тумасы қазір əлем рейтингінде 74-болып келе жатыр. Ал Темірлан Теміров 17-ші, Мейірлан Ысқақов 18-ші, Максим Шмулич 28-ші сатыдан көрінді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес