15.02.2024 | 22:14
Бөлісу:
Ел чемпионатының алғашқы күні 3 салмақта чемпион анықталды
Бүгін Қостанай қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күні өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ерлер 55 кг дейінгі, ал әйелдер 45 және 49 кг дейінгі салмақта жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады.
Ерлер (55 кг дейін):
1. Исламжан Мұзапаров (Жетісу облысы): жұлқа көтеру - 96 кг, серпе көтеру - 127 кг барлығы 223 кг.
2. Анатолий Грубов (Жетісу облысы) 107+117 кг=222 кг.
3. Нұрбол Ешімбеков (Қарағанды облысы) 88 кг+120 кг=208 кг.
Әйелдер, 45 кг:
1. Айнұр Әбдіқалықова (Жамбыл облысы): жұлқа көтеру - 60 кг, серпе көтеру - 70 кг, в сумме - 130 кг.
2. Ирина Чумак (Қостанай облысы) 48+66 кг = 114 кг.
3. Снежана Кашкарова (Жетісу облысы) 51+62=113 кг.
Әйелдер, 49 кг:
1. Айгерім Ауылбек (Жетісу облысы) 69+80 кг =149 кг.
2. Регина Никифорова (Жетісу облысы) 58+75 кг =133 кг.
3. Валерия Васечко (Ақмола облысы) 56+72 = 128 кг.
Суреттердің авторы - Талғат Исенов.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: