19.05.2024 | 12:46

Елдос Сметов әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Бүгін БАӘ-нің Абу-Даби қаласында дзюдодан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ерлер арасында 60 кг дейінгі салмақта команда көшбасшысының бірі Елдос Сметов алғашқы белдесуінде Вьетнам дзюдошысы Дук Дат Чудан басым түсті. Енді В тобында қазақ спортшысы Ким Вон Жиммен күш сынасады.

Осы салмақтағы тағы бір отандасымыз Нұрқанат Серікбаев 2-айналымда Түркия/Мальта палуанымен күреседі.

Айта кетейік, 60 кг дейінгі салмақта Елдос Сметов 2015 жылы әлем чемпионы атанған. Ал 2019 бен 2022 жылы қола медаль жеңіп алған.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес