27.07.2024 | 14:23

ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДАДА 2 БЕЛДЕСУДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Дзюдодан Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов Париж Олимпиадасының 2-айналымынан сүрінбей өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Ол айналымында Торнике Чкадуаны (Нидерланд) голден-скорда жықты. Еске сала кетейік, Елдос пен Торнике Токио Олимпиадасының қола медалі үшін таласып, алғашқысы басым түскен.

Келесі кезеңде отандасымыз украиналық Дильшод Халматовты ұтты.

Айта кетейік, Елдос Сметов – жазғы Азия ойындарында чемпион атанған тұңғыш қазақ дзюдошысы. Сондай-ақ ол Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы (2015 жыл). 

Сурет: Сали Сабиров.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес