05.02.2023 | 23:31
Бөлісу:
Елімізде дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтеді
Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) әлемдік Grand Slam жарысын Қазақстанда өткізу жөнінде төрт жылдық келісім-шартқа қол қойды.
Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысы аясында Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының ресми кездесуі өтті. Кездесуге Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты.
Екіжақты келісім-шартқа сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2023-2026 жылдар аралығында қабылдайды. Жарыс Астана және Алматы қалаларында «Qazaqstan barysy Grand Slam» атауымен өткізіледі. Сондай-ақ, жарыс аяқталғаннан кейін жыл сайын тұрақты түрде халықаралық оқу-жаттығу лагері ұйымдастырылады.
«Құрметті Президент Есекеев, құрметті БАҚ өкілдері және дзюдо жанұясының барлық мүшелері, спорт елінде, жаңа энергия мен технология әкелетін елде іс-шараларға осы жаңа келісім-шартқа қол қою мен үшін үлкен қуаныш және құрмет. Қазақстанда дзюдо тарихы өте тереңде және дзюдо үлкен буыннан жастарға үздіксіз жалғасып келе жатыр. Олар әрқашан IJF пен Азияға көптеген іс-шараларды өткізу арқылы қолдау көрсетті. Дзюдодан ғана емес, сонымен қатар әдемі елдегі барлық спорт мәдениеті мен құндылықтары үшін бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа танымалдық әкелетін жаңа серіктестік үшін рахмет. Қазақстан дзюдосына жемісті болашақ тілеймін», - деді Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер Мырза.
Өз кезегінде Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев Мариус Визер мырзаға сенім білдіргені үшін алғыс білдіріп, жарысты жоғары деңгейде өткізетінін мәлімдеді.
«Визер мырзаға бізге қолдау білдіргені үшін рахмет. Grand Slam-дегі алғашқы қадам бізді дзюдо отбасына одан әрі жақындатады. Біз қатысушылар Қазақстанды жақсы танып білу үшін жарысты жылдың ең тамаша уақытында өткізетін боламыз.
Біздің тарапымыздан қазақстандық спортшылар бар күшін салады. Бұл ынтымақтастық ұлттық және халықаралық деңгейде одан әрі өсуге көмектеседі».
Анықтама:
Grand Slam – Халықаралық жарыс күнтізбесіне сәйкес IJF World Tour аясында өткізілетін әлемдік жарыстар сериясы. IJF ережесі бойынша, жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлеріне әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпай үлестіріледі. Атап айтқанда, 1-орынға 1000, 2-орынға - 700, ал 3-ші орынға 500 ұпайдан беріледі.
Qazaqstan barysy Grand Slam жарысында дзюдошылар 2024 жылы Париж және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына ұпай жинайды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ