20.03.2023 | 11:01

Елжана Таниева Әлем Кубогында қола медаль жеңіп алды

Бүгін Грекия астанасы Афиныда аяқталған көркем гимнастикадан Әлем Кубогында отандасымыз Елжана Таниева ұршықпен өнер көрсетуде қола жүлдегер атанды. Оның жаттығуына төрешілер 31.550 балл берді. Елжана алтын медаль алған германиялық Маргарита Колосова (31.800) мен күміс жүлдегер өзбекстандық Тахмина Икромовадан (31.700) сәл ғана қалып кетті.

Сондай-ақ Елжана лентамен финалда өнер көрсетіп, 4-сатыға тұрақтады (28.650 ұпай). Әлем Кубогында тағы бір қазақстандық Айбота Ертайқызы іріктеуде 14-орын алып, финалға шыға алмады. Айта кетейік, мұнда барлығы 13 елдің гимнасты сынға түсті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес