02.09.2024 | 17:11

ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ербол Мырзабосынов ҚР Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ербол Қуантайұлы 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогика институты дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы ретінде бастаған.

2009-2014 жылдары — Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, кейін меңгерушісі.

2006-2018 жылдары — Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі жаттықтырушы-оқытушысы.

2018-2020 жылдары «Қызылжар арландары» спорт клубының директоры қызметінде жұмыс істеген.

2020-2021 жылдары — «Qazaq kuresi» қауымдастығының басқарушы директоры.

2021-2023 жылдары Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры болған.

Былтыр ақпаннан бері Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес