
04.06.2023 | 19:27
Бөлісу:
Еркін күрес шеберлері Бішкекте 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды
Бүгін Бішкекте Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаев атындағы күрестен рейтингтік турнир аяқталды. Шешуші жарыс күні еркін күрестен Ұлттық құрама 1 күміс, 4 қола медальге қол жеткізді.
Сырбаз Талғат (70 кг) аса тартысты финалда қырғыз балуаны Орозобек Токтомамбетовке есе жіберді. Есеп: 3-2.
Ал Мейрамбек Қартбай (57 кг), Жігер Закиров (79 кг), Азамат Дəулетбеков (86 кг) қола жүлдеге ие болды. Айта кетейік, кеше еркін күрестен 97 кг дейінгі салмақта Нұрсұлтан Азов қола алған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

Болат Сақаев қола медаль үшін күреседі

Нұрқожа Қайпанов жұбаныш белдесуінде жеңіліп қалды