
25.04.2025 | 14:52
Бөлісу:
ҒАЛИЯ ТЫНБАЕВА БАНГКОКТАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Таиланд астанасы Бангкокта басталған дзюдодан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ғалия Тынбаева (-48 кг) қола медаль үшін белдесуде Токио Олимпиадасының қатысушысы Линь Чэнь-Хаоны (Тайпей) жеңді.
Айта кетейік, Тынбаева биылғы чемпионатты 2-айналымнан бастап, Вьетнам және Таиланд дзюдошысын жықты. Ал жартылай финалда жапон спортшысына жол берді.
Алда әлі 3 отандасымыз – Шерзод Давлатов, Нұрәділ Әлжан мен Ержан Еренқайыпов қола жүлдеге таласады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

АБЫЛАЙХАН ЖҰБАНАЗАР QAZAQSTAN BARYSY БӘСЕКЕСІНДЕ ЖҮЛДЕ АЛДЫ

ЕСЕТ ҚУАНОВ QAZAQSTAN BARYSY GRAND SLAM ТУРНИРІНДЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

ТАЛҒАТ ОРЫНБАСАР – GRAND SLAM ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ