13.10.2022 | invalid

Грэпплинг: Қазақстан құрамасы но ги бағдарламасында 1-орын алды

Қазір Испанияның Понтеведра қаласында грэпплингтен жасөспірімдер, жастар мен ересектер арасында Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл бәсекеге бас-аяғы 24 елден 300-декн астам спортшы жиналды. Олар но ги және ги бағдарламасы бойынша 47 салмақта кім мықтыны анықтайды.

Қазақстан құрамасы бұл сынға 68 спортшы апарды. Біздің жасөспірімдер (16-17 жас) мен жастар (18-20 жас) но ги бағдарламасында жалпы есепте 1-орын алды. Еншімізде 12 алтын, 11 күміс пен 7 қола медаль бар. Екінші орында Испания, одан кейін Израиль мен Францияның грэпплинг шеберлері жайғасқан.

Жасөспірімдер:

Алтын – Азамат Меңғайыр, Исмаил Қонаев, Бекзат Қазтаев, Сұңғат Сансызбаев, Дінмұхамед Қуанғалиев, Дина Жүнісова.

Күміс – Ерсұлтан Қайыржан, Сергей Зеленкевич, Данил Вахтинов, Ибраһим Манарбек, Анар Ақан.

Қола – Нұрасыл Тұрысбеков, Гафур Ужахов, Любовь Темникова.

Жастар:

Алтын - Каршыға Абдрахим, Жанұзақ Айтбаев, Алдияр Серік, Рамазан Абдрахимов, Шынар Узбекова, Айкөркем Ихсанова

Күміс - Шыңғыс Идрисов, Әли Бекіш, Әлихан Хабибулла, Ерлан Мұхит, Арыстан Айтмолдин, Елизавета Сидельникова.

Қола – Әміржан Сиқимбаев, Нұрдәулет Карбозов, Жанеля Құсайынова, Назерке Тельманова.

Бүгіннен бастап ги бағдарламасындағы сын басталды. Мұнда елімізден барған 2 төреші қызмет етеді. Жекпе-жектерді Халықаралық күрес федерациясының (UWW.org) сайтынан тікелей эфирде көре аласыздар.

«Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының серіктестері – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қоры.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес