02.08.2024 | 14:12
Бөлісу:
КАМИЛА БЕРЛІҚАШ ҮШІН ОЛИМПИАДА АЯҚТАЛДЫ
Аса ауыр салмақтағы дзюдошымыз Камила Берліқаш Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде моңғолиялық Адиясурэн Амарсайханнан қосымша уақытта (golden score) жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз төрешіден 3 ескерту алды. Айта кетейік, Камила Үлкен дулыға турнирінде бір рет финалға шыққан, тағы 2 рет үздік үштікті түйіндеген.
Адиясурэн Ханчжоудағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған. Биыл Гонконгта өткен Азия чемпионатының финалына шығып, қарсыласқа есе жіберген.
Париж Олимпиадасында жекелей сында 8 дзюдошымыз күресіп, 2 жүлдеге қол жеткізді. Елдос Сметов (60 кг) елімізге алғашқы алтынды сыйласа, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) үздік үштікті түйіндеді.
Енді Қазақстан құрамасы командалық сайыста жүлдеге таласады.
Суреттер: Сали Сабиров.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЗАГРЕБТЕГІ ТУРНИРДІ 2-ОРЫНМЕН АЯҚТАДЫ
ЖАНАРЫС РАХМЕТҚАЛИ АЛҒАШ РЕТ ГРАН-ПРИ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
ШЕРЗОД ДАВЛАТОВ – ЗАГРЕБ ГРАН-ПРИІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
ҒАЛИЯ ТЫНБАЕВА 2-РЕТ ГРАН-ПРИ ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ