06.11.2022 | invalid
Бөлісу:
Камила Берліқаш Бакудегі Үлкен Дулыға кезеңінде қола медаль жеңіп алды
Аса ауыр салмақта сынға түсетін Камила Берліқаш Бакудегі Үлкен Дулыға кезеңінде үздік үштікті түйіндеді. Қазақстандық дзюдошы жарысты ширек финалдан бастап, онда түркиялық Себиль Акбулутты қосымша уақытта ұтқан. Алайда келесі айналымда серб Милица Сабичке есе жіберді. Ал қола медаль үшін белдесуде тағы бір серб Тина Радишті жеңді. Милица Сабич финалда португалиялық Рошель Нунесті ұтса, екінші қола түркиялық Хиләл Өзтүрікке бұйырды.
Бұл Камиланың биылғы Үлкен Дулы кезеңінде жеңіп алған 2-жүлдесі. Ол маусымда Моңғолияда өткен кезеңде қолаға қол жеткізген.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Бакудегі бәсекені жалғыз жүлдемен аяқтады. Бүгін татамиге шыққан Ермахан Әнуарбеков (90 кг), Ерқанат Молдағұлов (-100 кг), Жамбыл Тұрғыналиев (+100 кг), Аруна Жангельдина (-78 кг), Назерке Тілеуханова (-78 кг) медальге қол жеткізе алған жоқ. Үлкен Дулығаның келесі кезеңін желтоқсанның басында Токио қаласы қабылдайды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТОКИО ҮЛКЕН ДУЛЫҒАСЫ: ЖЫЛДЫҢ СОҢҒЫ ЖАРЫСЫНДА КІМ КҮРЕСЕДІ?
ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ РЕТІНДЕ АЛТЫН ЖАПСЫРМА АЛДЫ