12.09.2022 | invalid

Көркем гимнастика: Қазақстан құрамасы Софияда дайындығын пысықтады

14-18 қыркүйек аралығында Болгария астанасы София көркем гимнастикадан XXXIX Әлем чемпионатын қабылдайды. Жалпы Софияға 62 елдің көркем гимнасты өз мықтыларын әкеліп отыр.

Қазақстан құрамасы атынан жекелей сында Елжана Тәниева мен Айбота Ертайқызы бақ сынаса, топтық сында Сағина Мұратқызы, Әсел Шүкірбай, Айдана Шаяхметова, Рената Жолдинова, Аружан Қасенова ел намысын қорғайды.

Бұл әлем чемпионатында гимнастар 5 жекелей және 3 топтық бағдарламада жеңімпазды анықтайды. Сондай-ақ жекелей және топтық нәтиже есепке алынып, берілетін командалық бас жүлде бар. Маңыздысы, мұнда Париж Олимпиадасына 6 жолдама беріледі. Дәлірек айтсақ, бұл қатарға жекелей және топтық бағдарлама жеңімпазы мен жүлдегерлері ие болады.

Бүгін Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы ресми дайындығы өтті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес